Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын және олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектептерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығымен күші жойылды
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің қызметін ұйымдастыру қағидалары; 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектептерінің қызметін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін. 2. «Спорт мектептерінде оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастыру тәртібінің регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт агенттігі төрағасының 2003 жылғы 15 шілдедегі № 06-2-2/214 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 8 тамызда № 2429 болып тіркелген, «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетені, 2004 ж., № 1-4, 904-құжат жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Стратегиялық даму департаменті (Д.Ү. Қамзебаева) заңнамамен белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын; 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Баспасөз хатшысы (Г.Б. Жалялитденова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Е.Б. Қанағатовка жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|