|
|
|
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 219 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1741 Қаулысымен мемлекеттік қызметтер стандарттарымен толықтырылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2223 қаулысымен бекітілген
«Запастағы сарбаздарға, сержанттарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) беру» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызмет жергілікті әскери басқару органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) тарапынан, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталық) арқылы көрсетіледі, олардың мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген. Шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету мобильді халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүзеге асырылады. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны - автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 қаулысымен бекітілген Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери есебін жүргізу қағидаларына сәйкес көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат: 1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.mod.gov.kz интернет-ресурсында; 2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - орталық РМК) www.con.gov.kz интернет-ресурсында; 3) уәкілетті органның және орталықтың үй-жайларындағы стенділерде; 4) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталында орналастырылады. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты call-орталықтың 1414 телефоны арқылы алуға болады. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі запастағы сарбазға, сержантқа әскери билет, уақытша куәлік (әскери билеттің орнына) беру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. 1) әскери-есептік мамандығы жоқ әйелдерді; 2) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әскери міндетті өткеруден босатылған адамдарды; 3) бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жүрген адамдарды; 4) Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты тұратын адамдарды қоспағанда, әскери есепке алынуға тиіс Қазақстан Республикасының азаматтарына көрсетіледі. 7. Орталық арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: уәкілетті органға жүгінген кезде: 1) әскери билетті ресімдеу мерзімдері: алғаш ресімдеу және беру кезінде - 30 жұмыс күні ішінде; олар негізінде жазылып берілетін барлық құжаттар бар болған кезде - 15 жұмыс күні; Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатынан деректерді растау қажет болған кезде - 30 жұмыс күні; жақын шетелдердің мұрағаттарынан деректерді растау қажет болған кезде - 90 жұмыс күні; жоғалтқан (бүлдірген) кезде - жазбаша өтініш тіркелген күннен бастап 15 жұмыс күні, ал ерекше жағдайларда (басқа әскери басқару органдарына сұрау салу жолданған кезде) - 20 жұмыс күні; бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды деп танылған адамдар үшін - аудандық әскерге шақыру комиссиясының шешімі бекітілгеннен кейін - 15 жұмыс күні. Уақытша куәлікті ресімдеу мерзімі барлық құжаттар бар болған кезде - 1 жұмыс күні; Құжаттарды қабылдау күні мен беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Орталыққа жүгінген кезде: 1) әскери билетті ресімдеу мерзімдері: алғаш ресімдеу және беру кезінде - 30 жұмыс күні ішінде; олар негізінде жазылып берілетін барлық құжаттар бар болған кезде - 15 жұмыс күні; Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатынан деректерді растау қажет болған кезде - 30 жұмыс күні; жақын шетелдердің мұрағаттарынан деректерді растау қажет болған кезде - 90 жұмыс күні; жоғалтқан (бүлдірген) кезде - жазбаша өтініш тіркелген күннен бастап 15 жұмыс күні, ал ерекше жағдайларда (басқа әскери басқару органдарына сұрау салу жолданған кезде) - 20 жұмыс күні; бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды деп танылған адамдар үшін - аудандық әскерге шақыру комиссиясының шешімі бекітілгеннен кейін - 15 жұмыс күні. Уақытша куәлікті ресімдеу мерзімі барлық құжаттар бар болған кезде - 1 жұмыс күні; 2) мемлекеттік қызметті алғанға дейін жол берілген ең ұзақ күту уақыты - 20 минуттан артық емес; 3) жүгінген күні тұтынушыға қызмет көрсетудің жол берілген ең ұзақ күту уақыты - 20 минуттан артық емес. Құжаттарды қабылдау күні мен беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. 8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 1) уәкілетті органда - дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда күн сайын сағат 9.00-ден сағат 17.00-ге дейін (сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа), түскі үзіліс сағат 13.00-ден сағат 15.00-ге дейін; 2) орталықта - мемлекеттік қызмет еңбек заңнамасына сәйкес жексенбіні және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, күн сайын сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін үзіліссіз көрсетіледі. Қабылдау жедел қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібінде жүзеге асырылады. Мобильді орталықтар орталық бекіткен кестеге сәйкес, бірақ бір елді мекенде кемінде алты жұмыс сағаты құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады. 10. Мемлекеттік қызмет осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша уәкілетті органның ғимараттарында көрсетіледі, онда дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жағдайлар жасалған, қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілерден үзінділер (үзінді көшірмелер) бар стенділермен жарақтандырылған күтуге және құжаттар толтыруға арналған орындар бар. Мемлекеттік қызмет дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға пандустармен, күту залымен жабдықталған мемлекеттік қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша орталықтың ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күтіп отыратын креслолар, толтырылған бланкілердің үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасқан.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушы немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі уәкілетті органға немесе орталыққа мыналарды ұсынуы қажет: 1) бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды деп танылған, сондай-ақ әскери есептен алумен бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз деп танылған азаматтар: осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш; әскерге шақырылушыны әскери міндеттілердің есебіне қабылдау туралы шешімі бар әскерге шақыру комиссиясының хаттамасынан үзінді; көлемі 3х4 см екі фотосурет; жеке куәлік; білімі туралы құжаттың көшірмесі; тұрғылықты жеріне тіркеу туралы мәліметтер; неке туралы куәліктің мәліметтері; балаларының туу туралы куәлігі (бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін туған жағдайда) немесе олардың мәліметтері; 2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған немесе жазалаудың өзге де түрлерін өтеген азаматтар: осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш; босатылғаны туралы анықтама; білімі туралы құжаттың көшірмесі; әкімшілік жаза қолдану туралы хаттаманың және қаулының екінші даналары және түбіртектің көшірмесі (Әскери есепке алу қағидаларын бұзған кезде); мектеп бойынша аттестаттың көшірмесі; әскери қызметке жарамдылығы туралы қорытындысы бар запасқа шығарылатын азаматтың медициналық куәландыру картасы; жеке куәлік; тұрғылықты жеріне тіркеу туралы мәліметтер; көлемі 3х4 см екі фотосурет; туу туралы куәліктің көшірмесі; 3) ішкі істер органдарының, қаржы полициясының, қылмыстық атқару жүйесінің және өртке қарсы қызмет органдары өрт-техникалық мекемелерінің іштей бөлімдерін бітірген азаматтар: осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш; нотариалды куәландырылған дипломының көшірмесі мен қосымшасы, қосымша болмаған кезде іштей бөлімді бітіргені туралы растау; медициналық куәландыру картасы; есепке алу карточкасы; жеке куәлік; тұрғылықты жеріне тіркеу туралы мәліметтер; көлемі 3х4 см екі фотосурет; 4) Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламалары бойынша оқытудан өткендер: оқуды аяқтағаны туралы сертификат; осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш; әскери қызмет өткергенін растау туралы қолдаухат; нотариалды куәландырылған дипломның көшірмесі; жеке куәлік; тұрғылықты жеріне тіркеу туралы мәліметтер; әскери киім нысанында көлемі 3х4 см екі фотосурет; 5) заңдық негіздерде мерзімді әскери қызметке шақырылмаған азаматтарға 27 жасқа толғанда: осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш; тіркеу туралы куәліктің көшірмесі; нотариалды куәландырылған дипломының көшірмесі; медициналық куәландыру картасы; жеке куәлік; тұрғылықты жеріне тіркеу туралы мәліметтер; көлемі 3х4 см екі фотосурет; 6) әскери қызметтен запасқа шығарылған азаматтар: нұсқама; шығарылғаны туралы бұйрықтан үзіндінің көшірмесі; жеке куәлік; тұрғылықты жеріне тіркеу туралы мәліметтер; көлемі 3х4 см екі фотосурет; 7) әскери-есептік мамандығы бар әйелдер: осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш; нотариалды куәландырылған дипломының көшірмесі; медициналық куәландыру картасы; жеке куәлік; тұрғылықты жеріне тіркеу туралы мәліметтер; көлемі 3х4 см екі фотосурет; 8) Қазақстан Республикасының азаматтығын алған азаматтар: осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш; келген мемлекеттің әскери-есептік құжаты (нотариалды куәландырылған әскери билеттің немесе тіркеу туралы куәліктің, әскери билеттің орнына анықтаманың аудармасы); әскери қызметке жарамдылығы туралы қорытындысы бар запасқа шығарылатын азаматтың медициналық куәландыру картасы; білімі туралы құжаттың көшірмесі; жеке куәлік; тұрғылықты жеріне тіркеу туралы мәліметтер; көлемі 3х4 см екі фотосурет; 9) әскери есепке алу құжаттарын жоғалтқан немесе жарамсыздыққа келген құжаттарды ауыстыру кезінде: осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш; әкімшілік жаза қолдану туралы хаттаманың және қаулының екінші даналары және түбіртектің көшірмесі (Әскери есепке алу қағидаларын бұзған кезде); құқық бұзушылық туралы хаттама; зілзала немесе өрт болған кезде - төтенше жағдайлар жөніндегі басқармадан (бөлімнен) анықтама; жеке куәлік; табылған заттар үстелінен әскери билеттің сақтауға келіп түспегені туралы анықтама; тұрғылықты жеріне тіркеу туралы мәліметтер; көлемі 3х4 см екі фотосурет; 10) құқық қорғау және арнаулы органдардан шығарылған азаматтар: осы органдардан әскери есепке қою үшін нұсқама; осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш; нотариалды куәландырылған дипломының көшірмесі; бастықтың бөлім тізімдерінен алу (шығару) туралы бұйрығынан үзінді; әскери қызметке жарамдылығы туралы қорытындысы бар запасқа шығарылатын азаматтың медициналық куәландыру картасы; жеке куәлік; тұрғылықты жеріне тіркеу туралы мәліметтер; көлемі 3х4 см екі фотосурет; 11) бұдан бұрын әскери есепте тұрмаған және әскери есепке алу құжаттары жоқ азаматтар: осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш; әскери қызметке жарамдылығы туралы қорытындысы бар запасқа шығарылатын азаматтың медициналық куәландыру картасы; әкімшілік жаза қолдану туралы хаттаманың және қаулының екінші даналары және түбіртектің көшірмесі (Әскери есепке алу қағидаларын бұзған кезде); жеке куәлік; өз қолымен жазылған түсінік; тұрғылықты жеріне тіркеу туралы мәліметтер; білімі туралы құжаттың көшірмесі; көлемі 3х4 см екі фотосурет; 12) КСРО үлгісіндегі әскери билетті Қазақстан Республикасының үлгісіне ауыстырған кезде: осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш; жеке куәлік; КСРО үлгісіндегі әскери билет; көлемі 3х4 см екі фотосурет; 13) ұлтын, тегін, атын немесе әкесінің атын өзгерткен кезде азаматтар: белгіленген үлгідегі өтініш; жеке куәлік; ескі әскери билет; тегін, атын, әкесінің атын ауыстырғаны туралы куәліктің немесе некеге тұруы туралы куәліктің мәліметтері; көлемі 3х4 см екі фотосурет; 14) уақытша куәліктің орнына әскери билеттерді немесе анықтамаларды (әскери билеттердің орнына) беру кезінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет: осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтінішті; уақытша куәліктің түпнұсқасын немесе анықтаманы (әскери билеттің орнына); жеке куәлікті; білімі туралы құжаттың көшірмесін; тұрғылықты жеріне тіркеу туралы мәліметтерді; көлемі 3х4 см екі фотосуретті. Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар тұтынушының жеке басын куәландыру туралы, тегін, атын, әкесінің атын ауыстырғаны туралы куәлік, некеге тұрғаны туралы куәлік, балаларының туу туралы (егер жазба 2008 жылдан кейін жүргізілсе), тұрғылықты жеріне тіркеу туралы куәліктер мәліметтерін уәкілетті орган немесе орталық тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат үлгісінде алады. Мемлекеттік қызметті алушы салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасын ұсынады. Құжаттарды қабылдау кезінде уәкілетті органның немесе орталықтың қызметкері түпнұсқалардың түпнұсқалығын мемлекеттік ақпараттық жүйеден ұсынылған мәліметтермен салыстырып тексереді, одан кейін түпнұсқаларды тұтынушыға қайтарады. 12. Мемлекеттік қызметті алу үшін: 1) уәкілетті органда өтініштің бланкісін уәкілетті органның қызметкері береді; 2) орталықтарда бекітілген үлгідегі өтініштің бланкісі күту залындағы арнайы тағанда, сондай-ақ орталықтың интернет-ресурсында орналастырылады. Өтініштер бланкілерінің нысандары осы стандартқа 4-қосымшада көрсетілген және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған. 13. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органның немесе орталықтың лауазымды адамдарына тапсырады. Уәкілетті орган жауапты адамының деректері www.mod.gov.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ уәкілетті органның үй-жайында көзге көрінетін жерлерде мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылады. Орталықтарда құжаттарды қабылдау операциялық залда «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады. 14. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде уәкілетті органда немесе орталықта тұтынушыға мыналарды: 1) құжаттардың нөмірлері мен қабылданған күнін; 2) сұралған мемлекеттік қызмет түрін; 3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауларын; 4) құжаттарды беру күнін, уақыты мен берілетін орнын; 5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегін, атын, әкесінің атын; 6) тұтынушының тегін, атын, әкесінің атын, оның байланыс телефонын көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі. 15. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі тұтынушыға беріледі: 1) уәкілетті органда тұтынушыға дайын құжаттарды беру тіркеу күні және құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген талон негізінде күн сайын жүзеге асырылады. 2) орталықта тұтынушыға дайын құжаттарды беруді орталықтың қызметкері қолхат негізінде онда көрсетілген мерзімде күн сайын «терезелер» арқылы жүзеге асырады. Егер тұтынушы көрсетілген мерзімде қызмет нәтижелеріне өтініш жасамаған жағдайларда орталық оларды бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды уәкілетті органға береді. 16. Егер осы стандарттың 11-тармағына сәйкес талап етілетін құжаттардың барлығы ұсынылмаған жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынудан бас тартылады. Тұтынушы көрсетілген кедергілерді жойған кезде өтініш жалпы негіздерде қаралады. Орталық қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде тұтынушыға жетпейтін құжаттарды көрсете отырып, қолхат береді.
17. Орталықтың қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді: 1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау; 2) қызметтік міндеттерін орындаған кезде заңдылықты сақтау; 3) азаматтармен қарым-қатынас жасаудағы сыпайылық; 4) түпкілікті және толық ақпарат беру; 5) ақпараттың сақталуын, қорғалуын және оның құпиялылығын қамтамасыз ету; 6) құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.
18. Өтініш иелеріне мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді, олар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.mod.gov.kz., орталық РМК-ның www.con.gov.kz интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде орналастырылады. 19. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтер сапасы және қолжетімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен бекітіледі.
20. Уәкілетті органның уәкілетті лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін орган облыстардың, Астана және Алматы қалаларының қорғаныс істері жөніндегі департаменттері атынан департамент бастығының заң жұмыстары жөніндегі көмекшілері (заң консультанттары) болып табылады. Уәкілетті органның немесе орталықтың қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпарат 1414 телефоны арқылы не осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы беріледі. 21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда шағым ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органына, жоғары тұрған уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне немесе орталық РМК-ға беріледі, олардың мекенжайлары мен телефондары осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген. 22. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметтің дұрыс көрсетілмеуіне шағымды тұтынушы ауызша немесе жазбаша нысанда, сондай-ақ электронды түрде заңнамада белгіленген тәртіппен өтініш жасау арқылы мыналарға жолдайды: 1) орталықта шағым тікелей орталық басшысына немесе орталық РМК-ның басшысына беріледі, оның мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген; 2) уәкілетті органда тікелей уәкілетті органның басшысына беріледі, оның мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген. Шағымда өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің аты, оның электрондық немесе пошталық мекенжайы және күні көрсетіледі. Шағым өтініш иесінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталады не оған өзінің қолын қояды. 23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 24. Шағым, өтініш «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғаның толық атын, пошталық мекенжайын, шығыс нөмірі мен күнін көрсете отырып жасалады. Өтінішке мемлекеттік қызметті алушы қол қоюы тиіс. Шағым берген кезде әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым жасалатын лауазымды адамдардың тегі, аты-жөні, өтініш жасау себептері мен талаптар көрсетіледі. 25. Жазбаша түрде жүгінген өтініш иесіне өтінішті қабылдаған күні мен уақыты, оны қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні және байланыс деректері көрсетіле отырып, талон беріледі. Келіп түскен шағым аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) жергілікті әскери басқару органдарының (бұдан әрі - ЖӘБО), жоғары тұрған уәкілетті органның кіріс хат-хабарларды есепке алу журналына немесе орталықтардың, орталық РМК-ның ақпаратты есепке алу журналына тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде қаралады. Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш иесіне оның электрондық поштасына немесе жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады. 26. Уәкілетті органның және орталықтың басшыларының қабылдау уақыты осы стандарттың 9-тармағында көзделген уәкілетті органның және орталықтың жұмыс кестесіне сәйкес айқындалады. ЖӘБО-ның байланыс телефондары 1-қосымшада көрсетілген. Уәкілетті органның байланыс телефондары ресми ақпарат көздерінде және уәкілетті органның үй-жайларында орналастырылған стенділерде көрсетіледі. Орталықтардың байланыс телефондары 2-қосымшада көрсетілген. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Достық көшесі, № 14 үй, интернет-ресурсы: www.mod.gov.kz. «ХҚО» РМК-ның мекенжайы: Астана қаласы, Республика даңғылы, 43 А үй, телефоны: 87172-94-99-95, интернет-ресурсы: www.con.gov.kz.
«Запастағы сарбаздарға, сержанттарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) беру» мемлекеттік қызмет стандартына 1-ҚОСЫМША
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті
«Запастағы сарбаздарға, сержанттарға әскери билеттер (әскери билеттердің орнына уақытша куәліктер) беру» мемлекеттік қызмет стандартына 2-ҚОСЫМША
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекенжайлары мен телефондары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |