«Тестілеу» Мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 наурыздағы № 04-2-4/56 бұйрығымен күші жойылды
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған «Тестілеу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметті өткеру бөлімі (М.Ы. Өтешев): 1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мемлекеттік қызметті өткеру бөлімінің меңгерушісі М.Ы. Өтешевке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағаның 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 02-01-02/179 бұйрығымен бекітілген
«Тестілеу» мемлекеттік қызметінің регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Тестілеу» мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 1687 «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген «Тестілеу» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленген. 2. Осы Регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) мемлекеттік қызмет - Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігімен (бұдан әрі - Агенттік) көрсетілетін, тестілеу бойынша мемлекеттік қызмет; 2) мемлекеттік қызметті алушы - тестілеуге жіберілген адам не мынадай негіздерде мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадрлар резервіне алу үшін тестілеуден өтуге жататын адамдар болып табылады: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|