Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 06-1451 Қаулысымен күші жойылды
Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 29 желтоқсан № 106-1923 қаулысына 1-қосымша
«Дәрігерді үйге шақырту»
1. «Дәрігерді үйге шақырту» электрондық мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - ЭМҚ) Астана қаласының алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдары (бұдан әрі - қызмет көрсетуші), сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан әрі - ЭҮП) көрсетіледі. 2. ЭҮП жұмыс кестесі - тәулік бойы. 3. ЭМҚ нысаны толық автоматтандырылған болып табылады. 4. ЭМҚ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі, «Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1263 қаулысы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1294 қаулысымен бекітілген «Дәрігерді үйге шақырту» мемлекеттік қызмет стандартының негізінде көрсетіледі. 5. ЭМҚ көрсету түрі: транзакциялық. 7. ЭМҚ алушылар жеке тұлғалар (бұдан әрі - тұтынушы) болып табылады. Тұтынушыларға ЭҮП - ғы жеке кабинетте көрсетіледі. 8. Көрсетілетін ЭМҚ нәтижелері: 1) қызмет көрсетушінің электрондық-цифрлық қолы қойылған дәрігерді үйге шақыру туралы анықтама беру (электрондық түрде); 2) ЭМҚ көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. Бұл ретте ЭМҚ көрсетуге сұрау салу қабылданған соң көрсетілген мерзімде үйде медициналық көмек көрсетіледі. 9. ЭМҚ ЭҮП - ға өтініш жасалған күні көрсетіледі. Бұл ретте, ЭМҚ алуға сұрау салу қызмет көрсетушінің жұмысы аяқталғанға дейін 2 сағат бұрын қабылданады. 10. ЭМҚ туралы ақпарат call-орталығының телефоны 1414 арқылы ұсынылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|