|
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 459 Қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 ақпандағы № 124 қаулысымен бекітілген
«Жылжымалы мүліктің құнын бағалау»
1. Осы жылжымалы мүліктің құнын бағалау стандарты (бұдан әрі - стандарт) негізгі ұғымдарды ашады және өңірлік факторларды, баға белгілеудің өзіндік шарттарын және олардың есепке алу мен есепте көрсетілуін ескере отырып, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ережелеріне сәйкес жылжымалы мүлікті бағалауға қойылатын міндетті талаптарды белгілейді. 2. Стандарт «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізінде және халықаралық бағалау стандарттарына сәйкес әзірленді, жылжымалы мүлікті бағалау әдісіне қойылатын негізгі талаптарды белгілейді және Қазақстан Республикасының аумағында қолдану үшін міндетті. 3. Бағалау қызметінің негізгі принциптері объективтілік және дұрыстық болып табылады. 4. Бағалау түрлері міндетті және бастамашылық бағалау болып табылады. 5. Стандарт материалдық жылжымалы мүліктің барлық үлгілерін бағалау үшін қолданылады. 6. Осы стандартта мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) жылжымалы мүлік (жылжымалы заттар мен құндылықтар) - бұл ақша, бағалы қағаздар және жылжымайтын мүлікке жатпайтын өзге де мүлік; 2) көлік құралы - Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе, қалалық электр көлігі, соның ішінде метрополитен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы магистральды құбыр жол көлігі; 3) қондырғылар, машиналар және жабдықтар - өндірісте пайдалану, тауарларды немесе қызмет көрсетулерді жеткізу, басқаларға жалға беру немесе әкімшілік мақсаттар үшін ұйым ұстап отырған материалдық активтер, соның ішінде жекелеген машиналар немесе машина топтары, сауда-саттық жабдықтары, жалға алушының жақсартқандары және активтердің басқа да тиісті түрде сәйкестендірілген санаттары; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|