Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ішкі бақылау басқармасы туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 144-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ішкі бақылау басқармасы туралы ереже бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ішкі бақылау басқармасы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 688 бұйрығының күші жойылсын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 15 бұйрығымен бекітілген
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ішкі бақылау басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Президент пен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілерге, Министрлік туралы ережеге, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің (бұдан әрі - Министр) бұйрықтарына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Басқарманың құрылымы мен штаттық санын Министр бекітеді. 4. Басқарма Министрге ғана бағынысты және есеп береді және Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелеріне ұйымдық жағынан тәуелсіз.
II. Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен қызметкерлерінің міндеттері
5. Міндет: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|