Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 107-1090 Қаулысымен күші жойылды
Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 107-1936 қаулысына 11 - қосымша
«Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп
1. «Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - регламент) Қазақстан Республиксы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді. 2. Мемлекеттік қызмет «Білім және ғылым саласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен, жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен (бұдан әрі - Үкіметінің қаулысы) бекітілген, «Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметтер стандарты негізінде және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына, 3-тармағының 11) тармақшасына, 4-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетіледі. 3. «Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) білім беру ұйымдары көрсетеді. 4. Мемлекеттік қызмет білім беру ұйымдарындағы күн көрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушылар мен тәрбиеленушілерге (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|