«Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 21 ақпандағы № 85 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 18, 185-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды міндетті түрде алып қою және жою не оларды алып қоймай міндетті түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу ережесінде: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды міндетті түрде алып қою және жою жеке және заңды тұлғаларға олардың құнын өтей отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Жануарларға және адамдар денсаулығына ерекше қауіп төндіретін Жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды міндетті түрде алып қою және жою жүргізілетін жануарлардың ерекше қауіпті ауруларының тізбесіне сәйкес жүргізіледі.»; мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2-тармақтармен толықтырылсын: «3-1. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды алып қою және жою туралы қаулыны аурудың бар екенін растайтын ветеринариялық зертхана сараптамасының актісі негізінде Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы қабылдайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|