2012-2013 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданы өткізу туралы
Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен практикалық іскерлігін тереңдету, жеке тұлғаның өз бетінше дамуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау, халықаралық олимпиадаға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау үшін қажетті жағдайлар жасау, Қазақстан Республикасындағы білімнің беделін көтеру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада (бұдан әрі - олимпиада) өткізілсін. 2. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы және жаратылыстану-математикалық бағыттағы олимпиада пәндерінің тізбесі; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу жөніндегі республикалық ұйымдастыру комитетінің құрамы; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес олимпиаданың төртінші кезеңіне ұсынылатын жұмыстардың саны; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес олимпиаданың төртінші кезеңіне қатысатын оқушылар мен команда жетекшілерінің саны бекітілсін. 3. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі - «Дарын» РҒПО) (Ш.А. Қирабаева): 1) келісім негізінде қоғамдық-гуманитарлық бағытта Алматы облыстық білім басқармасымен (Ғ.М. Аманова) бірлесіп, жаратылыстану-математикалық бағытта Жамбыл облыстық білім басқармасымен (С.С. Құрманбекова) бірлесіп, олимпиаданың төртінші кезеңін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және 2013 жылғы 1 ақпанға дейін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) бекітуге ұсынсын; 2) 2012 жылғы 12 желтоқсанда Астана қаласында олимпиаданың үшінші және төртінші кезеңдерін ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша облыстық ұйымдастыру комитеттерінің төрағаларымен республикалық семинар-кеңес өткізсін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|