Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 22 шілдедегі № 158-1179 Қаулысымен күші жойылды
Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 158-1925 қаулысына 8-қосымша
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
1. Осы регламентте пайдаланылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамасы: 1) АӘК - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек - жан басына шаққандағы орташа айлық табысы астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен тұлғаларға (отбасыларына) мемлекет ақшалай нысанда берілетін төлем; 2) ЖҚжӘББ - Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы; 3) жан басына шаққандағы орташа табысы - отбасы жиынтық табысының әрбір мүшесіне ай сайын келетін үлесі; 4) жиынтық табыс - АӘК тағайындау кезінде ескерілетін табыс түрлерінің сомасы; 5) кедейлік шегі - адамның ең төмен қажеттілігін қанағаттандыру үшін қажетті табыстардың шегі; 6) учаскелік комиссия - АӘК алуға хабарласқан тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеу жүргізу үшін қала аудандары әкімдерінің шешімімен құрылатын арнайы комиссия; 7) «Әлеуметтік көмек: МБЖ, АӘК, ТК» ААЖ - мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мәліметтері пайдаланылатын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бағдарламалық қамтамасыз етудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі; 8) ЖҚжӘББ жанындағы әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі комиссия - АӘК тағайындау туралы шешім қабылдайтын ведомстволық мәндегі алқалы орган.
2. Мемлекеттік қызметтің нормативтік құқықтық анықтамасы: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау; АӘК отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінің деңгейінен төмен болған жағдайда тағайындалады. 3. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін мемлекеттік органның атауы. «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі. 4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|