2012 жылғы бюджет қаражатының қалдықтары есебінен тиісті бюджеттік бағдарламалардың жылдық жоспарлы тағайындауларын ұлғайту және 2012 жылы республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттерінің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомаларын 2013 жылы пайдалану (толық пайдалану) туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 44-бабы 5-тармағына, 104, 111-баптарына және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 2012 жылғы республикалық бюджеттің бюджет қаражатының қалдықтары есебінен тиісті бюджеттік бағдарламалардың жылдық жоспарлы тағайындаулары ұлғайтылсын. 2. «2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1520 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. 2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет мынадай көлемде атқаруға қабылдансын, оның ішінде 2013 жылға: 1) кірістер - 5 331 510 413 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша: салықтық түсімдер - 3 736 035 959 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 58 833 042 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 19 450 000 мың теңге; трансферттердің түсімдері - 1 517 191 412 мың теңге; 2) шығындар - 6 034 808 913 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредит беру - 27 322 863 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 116 487 080 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 89 164 217 мың теңге; 4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 65 615 194 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 80 052 694 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 14 437 500 мың теңге; 5) тапшылық - -796 236 557 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 2,2 пайызы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|