Алматы облысы Ақсу аудандық сотының 2013 жылғы 5 ақпандағы № 2-54/2013 шешiмі
Алматы облысы, Ақсу аудандық соты құрамында төрағалық етуші судья Б.М.Темірбеков, хатшылыққа А.Разбекованы ала отырып, арыз беруші Кабесов Кенесхан Сембаевичтің қатысуымен Жансүгіров поселкесінде 2013 жылдың ақпан айының 13 күні өзінің ашық сот мәжілісінде Кабесов Кенесхан Сембаевичтің заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы арызы бойынша түскен азаматтық істі қарап, АНЫҚТАҒАНЫ: Азамат Кабесов Кенесхан Сембаевич Ақсу аудандық сотына заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы арыз беріп, арызында ол Жансүгіров өндірістік кооперативінде жұмыс жасағанын, кооператив банкротқа ұшырап тарағанын, оның еңбек ақысына Жансүгіров өндірістік кооперативі 14.05.1997 жылы № 50 шешімі бойынша оған «Қалқа» базын және тұрғын үй бергенін, сол шешім бойынша оның аты жанама атпен «Кепайға» деп жазылып кеткенін, нақты заңды маңызы бар құжат бойынша оның аты «Кенесхан» екенін, ауылда елдер оны жанама атымен Кепай дейтінін, туу туралы куәлікте және жеке куәлікте дұрыс аты-жөні Кабесов Кенесхан Сембаевич, ал кооперативтің шешімінде Кабесов Кепай деп көрсетілген. қазіргі кезде осы қарама-қайшылықты жоюға мүмкіндік жоқ, себебі Жансүгіров өндірістік кооперативі жойылып кеткенін осы жағдайлар оның оның атына берілген базды өз атына рәсімдеуге кедергі болып тұрғанын, сондықтан мұрағат анықтамасы бойынша И.Жансүгіров атындағы ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің 14.05.1997 жылғы № 50 шешімінде көрсетілген Кабесов Кепай нақты жеке куәлік бойынша 30.10.1962 жылы туылған Кабесов Кенесхан Сембаевич екені туралы заңдық маңызы бар фактіні анықтауды сұраған. Сотта арызданушы Кабесов Кенесхан Сембаевич өз талабын қолдап, мұрағат анықтамасы бойынша И.Жансүгіров атындағы ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің 14.05.1997 жылғы № 50 шешімінде көрсетілген Кабесов Кепай нақты жеке куәлік бойынша 30.10.1962 жылы туылған Кабесов Кенесхан Сембаевич екені туралы заңдық маңызы бар фактіні анықтауды сұрады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|