Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық сотының 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 3-27/13 Қаулысы
Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындық соты құрамында судья Е.С. Коянбаевтың төрағалық етуімен, Абай аудандық прокурорының көмекшісі Е. Муратовтың, Абай аудандық ішкі істер бөлімінің өкілі Е. Кожакаримовтың қатысуларымен, 2013 жылдың 30 қаңтар күні Қарауыл ауылында Абай ауданындық сотының ғимаратында өткен ашық сот отырысында қазақ тілінде Атанбаев Темірғали Бекенұлы, 01.02.1961 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысының тумасы, қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы, тұрақты мекен жайы: Абай ауданы, Көкбай ауылдық округіне қарасты «Байшуақ» қыстағының тұрғыны, ауылы, жан ұялы, «Берік» шаруа қожалығының жетекшісі, жеке басын куәландыратын құжат: жеке куәлік № 018524218, 05.05.2006 жылы ҚРІІМ берілген, бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған. Т.Б. Атанбаевқа ҚР ӘҚБтК-нің 584-бабында көзделген құқықтары мен міндеттері түсіндірілген Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 368-бабының бірінші бөлігін бұзғаны туралы істі қарады. Іс материалдарын және мән-жайларын зерттеп, өзі жөнінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан адамның түсініктемелерін тыңдап және басқа фактілі деректерді тексеріп, оларға баға беріп, сот талқылауында сот төмендегі жағдайларды АНЫҚТАҒАНЫ: Т.Б.Атанбаев өзінің Абай ауданы, Көкбай ауылдық округіне қарасты «Байшуақ» қыстағында орналасқан тұрғын үйінің клетінде ешбір құжаты жоқ ИжК моделді, 16 калибрлі тегіс ұңғылы, аңшы мылтығын, яғни азаматтық атыс қаруын заңсыз сақтап келген. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|