Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық сотының 2013 жылғы 13 наурыздағы № 3-59/13 Қаулысы
Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық сотының судьясы Е.Коянбаев, Абай ауданының прокурорының көмекшісі Е.Муратов, Абай аудандық әділет басқармасының өкілі Ә.Айтмурзиннің, «Жалпы білім беретін Қарауыл гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілі Б. Жахаевтың қатысуларымен, Абай аудандық сотының ғимаратында 20 наурыз 2013 жылы Қарауыл ауылында өткен ашық сот отырысында, қазақ тілінде «Жалпы білім беретін Қарауыл гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, тұрақты мекен жайы; Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылы, Ералы көшесі № 1 үй, мемлекеттік тіркеуден 17.01.2012 жылы өтіп, № 00140001411 санды куәлік берілген,, бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған, Заңды тұлғаның өкіліне сотпен ӘҚБтК-нің 584-бабында көзделген құқықтары мен міндеттері түсіндірілген Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 354-3 бабын бұзғаны туралы істі қарады. Іс материалдарын және мән-жайларын зерттеп, өзі жөнінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан адамның түсініктемелерін тыңдап және басқа фактілі деректерді тексеріп, оларға баға беріп, сот талқылауында судья төмендегі жағдайларды АНЫҚТАДЫ: «Жалпы білім беретін Қарауыл гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, аудан әкімінің нысандарды пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекттік қабылдау комиссиясының актілерін бекіту туралы №104 санды 27.09.2011 жылғы шығарылған өкімін, 15.09.2011 жылғы алған техникалық төлқұжатын және мемлекеттік қабылдау комиссиясының салынған объектіні пайдалануға қабылдау туралы № 93 санды 05.09.2011 жылғы актісін, Абай ауданының әділет басқармасына мемлекеттік тіркеуден өткізілбеген, сөйтіп «Жалпы білім беретін Қарауыл гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз іс - әрекетімен ҚР «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен мәмілелерді мемелекеттік тіркеу туралы» Заңында белгіленген алты айлық мерзімді бұзған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|