Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық сотының 2013 жылғы 4 ақпандағы № 3-31/2013 Қаулысы
Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық сотының судьясы Е.С. Коянбаев, Абай аудандық прокурорының көмекшісі Е.Муратовтың, аудандық ішкі істер бөлімінің өкілі Р.Баймұханбетовтың жәбірленуші Н.Ержахметованың қатысуымен, аудандық соттың ғимаратында Қарауыл ауылында 04 ақпан 2013 жылы өткен ашық сот отырысында қазақ тілінде Байкенов Нұржан Қылышбекұлы, 04.10.1981 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы, Шығыс Қазақстан облысының тумасы, тұрақты мекен жайы: Абай ауданы, Кеңгірбай би ауылы, жан ұялы, уақытша жұмыссыз, жеке басын куәландыратын құжаты: жеке куәлік №019490162, 14.03.2007 жылы ҚР ІІМ берілген, бұрын әкімшілік жауапершілікке тартылмаған, ҚР ӘҚБтК-нің 584-бабында көзделген құқықтары мен міндеттері түсіндірілген, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 79-5- бабының 1 -бөлігін бұзғаны туралы істі қарап, АНЫҚТАДЫ: 2013 жылдың қаңтар айының 30 -күні мөлшері сағат 23-00 шамасында Н.Қ.Байкенов мас күйінде өзінің тұрып жатқан үйіне келіп, өздерімен бірге тұрып жатқан балдызы Н.Е.Ержахметованы боқтап, балағаттап, оған сыйламаушылық көрсетіп ар намысына тиген, сөйтіп Н.Қ.Байкенов отбасы- тұрмыстық қарым қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеп, үйдің тыныштығын бұзатын іс әрекеттер жасаған. Сотқа Н.Қ.Байкеновқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 79-5- бабының 1-бөлігін бұзғаны туралы Абай аудандық полиция бөлімшесі қозғаған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің материалдары 04.02.2013 жылы келіп түсті. Сот отырысында сұралған әкімшілік құқық бұзушы Н.Қ.Байкенов өз кінәсін толықтай мойындап, жоғарыда көрсетілген мән жайларды толықтай қуаттап, бұдан былай бұндай құқықтық бұзушылық жасамайтындығын көрсетті. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|