Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық сотының 2013 жылғы 5 наурыздағы № 3-9/13 Қаулысы
Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық судьясы Е. Коянбаев, Абай аудандық прокурорының көмекшісі Е. Муратовтың учаскелік инспектор Р. Баймуханбетовтың, жәбірленуші Д. Жапалованың қатысуларымен, Абай аудандық сотының ғимаратында 2013 жылдың 15 қаңтарында Қарауыл ауылында өткен ашық сот отырысында, қазақ тілінде Шабданов Тилек Серікказыевич, 13.05.1979 жылы Шығыс - Қазақстан облысында дүниеге келген, ұлты қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы, тұрақты мекен жайы: Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Абай көшесі 72/14 үй, жеке басын куәландыратын құжат: №016491074, 11.01.2005 жылы берілген, жұмыссыз, ӘҚБтК-нің 584-бабында көзделген құқықтары мен міндеттері түсіндірілген, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 79-5-бабының 1 ші бөлігін бұзғаны туралы істі қарап, соттың. АНЫҚТАДЫ: 04.03.2013 жылы мөлшермен сағат 24.00-де Т. Шабданов Қарауыл ауылында өз үйінде, яғни Абай көшесі № 72/14 үйде өзінің әйелі Д. Жапалованы мас күйінде боқтап, балағаттап, жанұясының тыныштығын бұзған. Істің материалдары сотқа 05.03.2013 жылы келіп түсті. Сот отырысында сұралған Т. Шабданов өз кінәсін толық мойындап, хаттамада көрсетілген мән-жайларды қуаттап, сотқа келесідей түсініктеме берді, өзінің 04.03.2013 жылы арақ ішіп келіп, үйінде өзінің азаматтық некедегі әйелін боқтап, балағаттағанын айтып көрсетті. Жәбірленуші Д. Жапаловада хаттамада келтірілген мән-жайларды қуаттап, құқықбұзушының түнгі уақытта үйге мас болып келіп, өзін боқтап-балағаттап жанұя тыныштығын бұзғанын, және оның істеген іс-әрекетін кешірмейтінін айтып көрсетті. 04.03.2013 жылы № 214 медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, Т.Шабданов бойында алкогольді масаюдың жеңіл дәрежесі анықталған. І.б.(9) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|