Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық сотының 2013 жылғы 11 наурыздағы № 2-29/2013 шешімі
Қарауыл ауылы
Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық соты құрамында төрағалық етуші судья Е.С. Коянбаев, хатшылықта Б.Б. Шлиясова, арыз беруші Д.Алибаеваның қатысуымен ашық сот мәжілісінде Алибаева Дамегулдің заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы азаматтық ісін қарап, сот АНЫҚТАДЫ: Д. Алибаева сотқа берген арызында өзінің 02.04.1955 жылы Қарағанды облысы Қу ауданына қарасты Алғабас ауылында дүниеге келгенін, қазір жасының зейнеткерлікке өтуге жеткенін, сондықтан зейнеркерлікке өту үшін құжаттарын жинаған кезінде өзінің атына 20.06.1976 жылы Семей облысы Абай аудандық орталық емханасымен ашылған еңбек кітапашасында, әкесінің атын «Мукашевна» деп артық жазып жіберген, ал негізінде туу туралы куәлігінде, жеке куәлігінде және басқа да құжаттарында әкесінің аты жазылмағанын, қазіргі күнде осы қате жазудың зейнеткерлікке шығуына кедергі болып тұрғанын айтып, осы еңбек кітапшасын өзіне тиесілі екендігі туралы заңдылық маңызы бар фактіні анықтап беруін және бұдан басқа өзінің Абай ауданының мемлекеттік мұрағаты коммуналдық мемлекеттік мекемесінің № 21 санды 01.02.2013 жылы берілген мұрағат анықтамасында, 09.06.1976 жылы шығарылған № 27 бұйрықта Алибаева Д., деп ғана көрсетілсе, ал 21.11.1979 жылы шыққан № 50 санды, 28.11.1979 жылы шығарылған № 52 санды бұйрықтарда әкесінің атын «Мукашевна» деп артық жазған, сондықтан соттан осы мұрағат анықтамасындағы бұйрықтардың өзінің атына шыққан туралы заңдылық маңызы бар фактіні анықтап беруін сұрады. Сот мәжілісінде арыз беруші Д.Алибаева өз арызын толықтай қолдап, соттан арызын қанағаттандыруды сұрады. Сот мәжілісінде мүдделі жақ «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК-нің ШҚО филиалының Абай аудандық бөлімшесіннен істі өздерінің қатысуынсыз қарау туралы өтініш түсті, ҚР АІЖК-нің 187- бабының бесінші бөлігіне сәйкес сот істі олардың қатысуынсыз қарауға болады деп санайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|