Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық сотының 2013 жылғы 14 наурыздағы № 3-91/2013 Қаулысы
Чапаев ауылы
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық аудандық соты құрамында төрағалық етуші судья Қ.Б.Махметов, аудан прокурорының аға көмекшісі Д.Жумановтың, құқық бұзушы С.О.Елекешовтың қатынасуымен, Ақжайық аудандық сот ғимаратында өткен ашық сот мәжілісінде, дыбыс құралын қолданып Елекешов Серик Орынбаевичты, 03.03.1960 жылы Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданында дүниеге келген, ұлты қазақ, ҚР азаматы, білімі орта, бойдақ, жұмыста жоқ, тұрағы: БҚО, Ақжайық ауданы, Жайық ауылы, бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылған, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 79-5 бабының 2 бөлімі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жинақталған әкімшілік істі қазақ тілінде қарап, соттың Анықтағаны: 2013 жылдың ақпан айының 24 күні сағат 14.00 шамасында С.О.Елекешов өз үйінде, Жайық ауылында ешқандай себепсіз, арақ ішкен мас күйінде анасы К.Елекешовамен өз-ара сөзге келген сылтаумен, сыйламаушылық білдіріп балағаттап, тыныштығын бұзып, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап іс-әрекетін жасаған. Сот мәжілісінде жауапталған құқық бұзушы С.О.Елекешов өзінің кінәсін толық мойындап, әкімшілік хаттамада көрсетілген мән-жайларды толық қуаттап, бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын, өкінетінін, кешірім сұрағанын көрсетті. Жәбірленуші К.Елекешщова соттқа қатыспай, арызда көрсеткен мән-жайды айтып тиісті қатан шара алуды сұрап, істі өзі қатыспай қарауды өтінген. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|