Қазақстан Республикасының пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін пошта айналымына енгізу туралы (2012.11.12. берілген өзгерістермен)
«Пошта туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 8-бабының 2-тармағының 8) және 9) тармақшаларына және «Қазақстан Республикасының пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін шығарудың 2012 жылға арналған тақырыптық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 2 тамыздағы № 234 бұйрығымен бекітілген 2012 жылға арналған Қазақстан Республикасының пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін шығарудың тақырыптық жоспарының 1.1.2, 1.1.3, 1.1.5, 1.1.6, 1.7, 1.6.1-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасының аумағында пошта айналымына пошта төлемінің мемлекеттік белгілері енгізілсін: 1) «Мерейтойлар, ұмытылмас даталар және мейрам күндері» сериясының «Әнші, Қазақ КСР халық әртісі, КСРО халық әртісі Күләш Байсейітованың туғанына 100 жыл» тақырыбындағы пошта маркасы. Маркалардың номиналы 2 (екі) теңге, таралымы 2 000 000 (екі миллион) дана; 50 (елу) теңге, таралымы 5 000 000 (бес миллион) дана; «А литері» Қазақстан Республикасының аумағында жер үсті көліктерімен 20 гр. дейінгі жай хат жөнелту тарифіне тең, таралымы 10 000 000 (он миллион) дана, перфорациясы жоталы, төрт түсті бояумен офсеттік тәсілмен «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің Банкноттық фабрикасы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнында басылып шыққан, марканың өлшемі 27,5 х 33 мм, парақтағы маркалар саны 48 (қырық сегіз) дана, суретші Д. Мұхамеджанов, пошта айналымына енгізу күні 2012 жылғы 12 қараша. 2) «Мерейтойлар, ұмытылмас даталар және мейрам күндері» сериясының «Әнші, Қазақ КСР халық әртісі Жамал Омарованың туғанына 100 жыл» тақырыбындағы пошта маркасы. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|