Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери қызметшілері мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне сыныптық біліктілікті беруге (растауға) негізгі бейінді пәндер бойынша сынақ бағдарламасын бекіту туралы
ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 993 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) қызметкерлерінің кәсіби қызметін жүзеге асыруға даярлығын, әзірлігін айқындау мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 17 тамыздағы № 199 бұйрығымен бекітілген Министрлік қызметкерлеріне сыныптық біліктілік беру туралы нұсқаулықтың 47-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Министрліктің әскери қызметшілері мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне сыныптық біліктілікті беруге (растауға) негізгі бейінді пәндер бойынша сынақ бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін. 2. Министрлік орталық аппаратының, ведомстволарының, аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары жеке құрамның Бағдарламаны зерделеуін ұйымдастырсын және оны практикалық қызметте қолдануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі В.В. Петровқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төтенше жағдайлар министрінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 565 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери қызметшілері мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне сыныптық біліктілікті беруге (растауға)
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|