Қылмыстық-құқықтық саладағы соттық нысанды есептерді және оларға қоса берілген Нұсқаулықты бекіту туралы (2014.30.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Бас прокурорының 2014 жылғы 21 қазандағы № 125 бұйрығымен 2015 ж. 1 қаңтарынан бастап күші жойылды
Қылмыстық-құқықтық статистиканы жетілдіру мақсатында, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 132-ІІ Конституциялық Заңының 56 бабы 1-тармағын, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 11 бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: 1. Бекітілсін: 1) мынадай есеп нысандары: осы бұйрықтың 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7 қосымшаларына сәйкес «Бірінші сатылы соттардың қылмыстық істерді қарауы бойынша жұмысы туралы» № 1; «Апелляциялық сатылы соттардың қылмыстық істерді қарауы бойынша жұмысы туралы» № 6; «Өлім жазасына және өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар туралы істерді апелляциялық тәртіпте қарау туралы» № 6а; «Кассациалық сатылы соттардың қылмыстық істерді қарауы бойынша жұмысы туралы» № 6К; «Қылмыстық істерді қадағалау сатысында қарау бойынша соттардың жұмысы туралы» № 8; «Өлім жазасы және өмір бойы бас бостандығынан айыру жөніндегі істерді қадағалау тәртібінде қарау туралы» № 8а; «Соттардың жеке айыптау істері бойынша шағымдарды қарауы туралы» № 2-Ж есеп нысандары; 2) осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес «Бірінші, апелляциялық, кассациалық және қадағалау сатысындағы соттардың электрондық ақпараттық есепке алу құжаттары негізінде қылмыстық істерді қарау бойынша есептерді құру тәртібі туралы» Нұсқаулық. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|