Әкiмшiлiк құқық бұзу туралы
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз аудандық сотының судьясы Б.А. Оразбек, прокурор Б.Ботбаевтың қатысуымен, Аягөз қаласында, 2013 жылғы 24 қаңтарда Тоқтағанов Тоғжан Шалқарұлының, 16 сәуір 1994 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған, ҚР азаматы, студент, жеке куәлiгi № 030325698, ҚР ӘМ-мен 20.09.2010 жылы берілген, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Карменов көшесі, 11-үйде тұрады, ҚР ӘҚБК-нiң 330-бабының 1-бөлiгiмен әкiмшiлiк қуқық бұзу iсін қарап, соттың АНЫҚТАҒАНЫ: Тоқтағанов Тоғжан 2013 жылғы 23 қаңтарда мөлшері 17 сағат 00 минутта Аягөз қалалық автобекетінің алдында, қоғамдық орында, қолындағы пайдаланылған темекі бұйымының қалдығын жерге лақтырып, ортақ пайдалану орнын ластаған. Сот, ҚР ӘҚБтК-тің 21-бабының 2-бөлігі негізінде іске қатысушы адамдардың ана тілінде мәлiмдеме жасау, түсініктер мен айғақтар беру, өтініштер жасау т.б. талап тілектерін ескере отырып, іс жүргізу тілі - ана тілі- қазақ тілінде жүргізуді ұйғарды. Сотта Тоқтағанов Тоғжан өз әрекетін мойындап, өкініш білдеретінін айтып, екінші рет осындай әрекетін қайталамайтынын айтты. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|