Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық сотының 2013 жылғы 8 ақпандағы № 152/04-01 Қаулысы
Аягөз аудандық сотының судьясы Б.А.Оразбек, прокурор көмекшісі Д.Мухажановтың қатысуымен, Аягөз қаласында, Аягөз аудандық сотының ғимаратында 2013 жылы 8 ақпанда Аягөз аудандық ІІБ-нен келіп түскен әкімшілік құқық бұзушы: Ахметов Шалкар Жарылкасиновичті, 22 қараша 1969 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған, қазақ, ҚР азаматы, жеке куәлік № 009484353, некеде бар, жұмыс істемейді, тұрағы Аягөз қаласы Талды көшесі 62 үй 2 пәтерде тұрады, ҚР ӘҚБтК-нің 79-5 бабының 2 бөлігімен үстінен әкімшілік құқық бузу туралы хаттама толтырылған, соттың анықтағаны: ҚР ӘКБтК-нің 79-5 бабының 2 бөлігімен Ш.Ахметов үстінен әкімшілік құқық бузу туралы хаттама толтырылған іс материалдары бойынша оның әкімшілік құқық бұзу әрекеті төмендегі мән жайлармен сотта бекіді. Іс материалдарында жәбірленуші болып танылған, заңды некедегі әйелі Ф.Абылкасимова арызында, 6 ақпан 2013 жылы үйге мас күйінде келіп, жанұяның мазасын алып, қорқытып, жаман сөздермен балағаттап, ар намыстарына тигендігін, сол себебті полицияға оған шара қолдануды сұрап көрсеткен. Сотта Ш.Ахметов әкімшілік құқық бузу кінәсін толық мойындап, мас күйінде жәбірленуші ретінде танылған, заңды некедегі әйелін балағаттап, тыныштығын бұзғандығы рас екендігін айтты. Жәбірленушіден кешірім сұрады. Жәбірленуші Ф.Абылкасимова жауабына сәйкес, күйеуі Ш.Ахметов 6 ақпан 2013 жылы үйге мас күйінде келіп, жанұяның мазасын алып, қорқытып, жаман сөздермен балағаттап, ар намыстарына тиген. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|