Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық сотының 2013 жылғы 26 наурыздағы № 2-154/2013 шешімі
Аягөз қаласы
Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық соты құрамында төрағалық етүші судья К.П. Халелова, хатшылықта М. Орумбаева, талапкер М.Т.Ермеқановтың, жауапкер Т.Е. Дузжасаровтың қатысуларымен Аягөз аудандық сотының ғимаратында, ашық сот мәжілісінде талапкер Ермеқанов Мадияр Тынысбекұлының жауапкер Дузжасаров Тынысбек Ермеқанұлынан алимент өндіру туралы талап арызын қарап, АНЫҚТАДЫ: Талапкер М.Т. Ермеқанов өзі 1994 жылдың 03 тамызында туғанын, қазір Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің күндізгі ақылы бөлімінің 1-курс студенті екенін, оқу орнымен жасалған шарт негізінде жылына оқу үшін 227000 /екі жүз жиырма жеті мың/ теңге ақша төлейтінін, ата-анасы Т.Е. Дузжасаров пен М.М. Дузжасарова бірге тұрмайтындарын, әкесі 18 жасқа толғанша алимент төлегенін, ал кәмелетке толғанына байланысты 2012 жылдың тамыз айынан бастап алимент төлеуды тоқтатқанын, бүгінгі күні әкесі Т.Е. Дузжасаров ерікті түрде материалдық көмек көрсетпей отырғанын, тұрақты жұмыс орны және еңбек табысы бар екенін, анасы М.М.Дузжасарова жұмыс істемейтінін, тұрақты табысы жоқ екенін көрсетіп, өзі жоғары оқу орнының күндізгі ақылы бөліміне оқуға түскеніне байланысты өзінің пайдасына әкесі Т.Е. Дузжасаровтан ай сайын, арыз берген күннен бастап, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 21 /жиырма бір/ жасқа толғанынша алимент өндіруді сұрап, сотқа жүгінген. Сот мәжілісінде талапкер М.Т. Ермеқанов талап арызын құаттап, бүгінгі күні әкесі Т.Е. Дузжасаров екеуі бітімгершілікке келе алмағандарын, әкесі материалдық көмек көрсетпегендіктен, өзі 21 /жиырма бір/ жасқа толғанынша алимент өндіруді сұрайтынын, бұрын төлеген алименттің мөлшері 12000-13000 теңге болғанын, бүнігі күні анасының тұрақты табысы болғандықтан өзінің пайдасына жауапкерден ай сайын 21 жасқа толғанға дейін, 15000 /он бес мың/ теңге алимент өндіруді сұрайынын айтты. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|