Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық сотының 2013 жылғы 7 наурыздағы № 2-158/2013 Қаулысы
Аягөз қаласы
Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық соты құрамында төрағалық етуші судья К.П. Халелова, хатшылықта М. Орумбаева, арыз беруші Р.М. Увалиеваның, мүдделі жақтың өкілі Ж.К. Нургалиеваның сенім хат негізінде қатысуларымен, Аягөз аудандық сотының ғимаратында, ашық сот мәжілісінде арыз беруші Увалиева Рымгул Магауовнаның еңбек кітапшасының тиістілігін тану туалы азаматтық ісін қарап, АНЫҚТАДЫ: Арыз беруші Р.М. Увалиева зейнеткерлік жасқа жеткенін, Зейнетақы төлеу бөлімінде құжаттарын алмай, еңбек кітапшасындағы тегі мен аты, туған күні, айы, жылы «Уалиева Рымгуль, 24.06.1956 жылы туған»-деп қате жазылғанын, бүгінгі күні өзі еңбек еткен мекеменің аталуы өзгергіп кеткенін, қателікті түзетуге еш мүмкіншілігі жоқ екенін көрсетіп, 04 тамыз 1973 жылы Уалиева Рымгуль Магауовна 24.06.1956 жылы туған деп, толтырылған еңбек қітапшасын өзіне, яғни 24.10.1956 жылы туған Увалиева Рымгул Магауовнаға тиесілі деп тануды сұрап, сотқа жүгінген. Сот мәжілісінде Р.М. Увалиева арызын қуаттап, зейнеткерлікке шығуға құқық беретін мән-жайды басқа жолмен дәлелдеуі мүмкін емес екенін, сондықан келген куәсін тыңдап, өзінің төлқұжаттарын тексеріп арызын қнағаттандыруды сұрайтынын айтты. Сот мәжілісінде мудделі жақтың өкілі Ж.К. Нургалиева арызданушының арызында көрсетілген мән-жайлар оның енбек кітапшасымен, төлқұжаттарымен және куәнің сотта берген түсінігімен өз дәлелін тапты деп санайтынын, сондықтан арызданушы Р.М. Увалиеваның арызын қанағаттандыруға қарсылығы жоқ екенін айтты. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|