Екібастұз қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 15 ақпандағы № 168/2 қаулысымен бекітілді
«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру»
1. «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» электрондық мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - электрондық мемлекеттік қызмет) «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - қызмет беруші) баламалы түрде өздерінің тұрғылықты жері бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметті тұтынушыда электрондық сандық қолтаңбасы болған жағдайда www.egov.kz. мекен-жайы бойынша «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетіледі. 2. Электрондық мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» № 394 Қаулысымен бекітілген «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» стандартына (бұдан әрi - Стандарт) сәйкес көрсетiледi. 3. Электрондық мемлекеттiк қызметтi автоматтандыру дәрежесi: iшiнара автоматтандырылған (медиа-алшақтықты қамтымайтын электрондық мемлекеттiк қызмет). 4. Электрондық мемлекеттiк қызмет көрсетудiң түрi: транзактивтік қызмет. 5. Осы регламентте пайдаланылатын ұғымдар мен қысқартулар: 1) АЖО - автоматтандырылған жұмыс орны; 2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы - барлық біріктірілген үкіметтік ақпаратқа, оның ішінде нормативтік құқықтық база мен электрондық мемлекеттік қызметке қол жеткізетін бір терезе түріндегі ақпараттық жүйе; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|