Павлодар облысы әкімдігінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 91/3 қаулысымен бекітілді
Павлодар облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 6 мамырдағы № 149/5 Қаулысымен күші жойылды
«Дәрігердің қабылдауына жазылу»
1. Осы регламентте мынадай ұғымдар пайдаланады: басқарма - «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі; уәкілетті ұйым - бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйым; алушы - мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға; құрылымдық-функционалдық бірлік (бұдан әрі - Бірлік) - мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіне қатысатын лауазымды тұлға.
2. «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) уәкілетті ұйыммен көрсетіледі. 3. Электронды емес форматта көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны - автоматтандырылмаған. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы «Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және азаматтарды бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» № 1263 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» № 1294 қаулысымен бекітілген «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік қызмет стандарты негізінде (бұдан әрі - Стандарт) ұсынылады. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижелері: 1) тікелей жүгінген кезде немесе телефон байланысы арқылы - уәкілетті ұйымның дәрігерінің қабылдауына алдын-ала жазылу журналына жазу және дәрігерлердің қабылдау кестесіне (бұдан әрі - кесте) сәйкес дәрігердің қабылдау күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру; 2) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|