«Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағын кеңейтуге арналған жер учаскелерін резервте қалдыру туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 16-бабындағы 1-тармақтың 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 24-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қыркүйектегі «Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерін резервте қалдыру ережесін бекіту туралы» № 943 қаулысын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі «2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасын бекіту туралы» № 924 қаулысын басшылыққа ала отырып, Алматы облысының бірегей табиғи кешендерін сақтау, қалпына келтіру, келешекте дамыту мақсатында және жер учаскелерін тексеру актісінің негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Резервіленетін жер учаскелерінің орналасу схемасы мен экспликациясына сәйкес (1, 2-қосымшалар) шекара шегінде жалпы ауданы 146500,35 гектар жер учаскелері, оның ішінде: Кербұлақ ауданының босалқы жерлері - 63048,25 гектар, оның ішінде Басши ауылдық округінде - 20,0 гектар, Қарашоқы ауылдық округінде - 14865,0 гектар, Шанханай ауылдық округінде - 48163,25 гектар; Қапшағай қаласының босалқы жерлері - 3962,0 гектар; Панфилов ауданының босалқы жерлері - 34681,0 гектар, оның ішінде Айдарлы ауылдық округінде - 30661,0 гектар, Қоңырөлең ауылдық округінде - 4020,0 гектар; «Жаркент орман шаруашылығы» мемлекеттік мекемесінің орман қоры жерлері - 44809,1 гектар, оның ішінде Кербұлақ ауданында - 10070,1 гектар, Панфилов ауданында - 34739,0 гектар «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ерекше қорғалатын табиғи аумағын кеңейту үшін резервте қалдырылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|