Қадағалау сатысындағы қылмыстық iстер жөнiндегі өндiрiстiң тәртібі туралы (2010.25.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 4 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Сот тәжiрибесiнде туындаған мәселелерге байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы қаулы етедi: ҚР Жоғарғы Сотының 2010.25.06. № 16 Нормативтік қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. ҚIЖК-нiң 50-тарауына сәйкес бiрiншi, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттардың күшiне енген және сот өндiрiсiн қысқарту туралы үкiмдерi мен қаулылары шағымдалуға (наразылық келтiрiлуге) және қайта қаралуға жататыны түсiндiрiлсiн. Бiрiншi сатыдағы соттың үкімі, қаулысы, егер оларға шағым, наразылық келтiрiлмесе, ҚІЖК-нің 423-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген, жарияланған кезден бастап заңды күшіне енетін апелляциялық қаулыларды қоспағанда, шағым, наразылық беруге заңмен белгiленген мерзiм өткеннен кейiн заңды күшiне енедi. Егер iстi тиiстi кассациялық сатыда қараған кезде үкiм, қаулы бұзылмаса, онда олар кассациялық қаулы шыққан күнi заңды күшiне енедi. ҚIЖК-нiң 402-бап 3-бөлiгiне сәйкес шағым (наразылық) керi қайтарылған жағдайда, кассациялық саты iс жөніндегі кассациялық өндiрiстi қысқарту туралы қаулы шығарған күннен бастап үкiм, қаулы заңды күшiне енедi. ҚР Жоғарғы Сотының 2010.25.06. № 16 Нормативтік қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Соттар қорытынды, заңды күшiне енген, орындалуда жатқан немесе орындалған, iстi маңызы бойынша шешетiн түпкiлiктi, iс бойынша өндiрiс бастауға немесе жалғастыруға жол бермейтiн шешiмдi қабылдаған бiрiншi, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттардың қаулылары қадағалау тәртібінде қайта қаралуы мүмкiн екенiн ескергенi жөн. Сондай-ақ бiрiншi, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттардың жеке қаулылары қадағалау тәртібінде шағымдалуы мүмкiн. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|