Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 238 Қаулысымен күші жойылды
Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 421 қаулысына 2-қосымша
«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру»
1. Осы «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі - Регламент) мынадай негізгі ұғымдар қолданылады: 1) алушы - жеке және заңды тұлға; 2) жергілікті атқарушы орган - облыстың жергілікті атқарушы органы.
2. Осы Регламент Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 «Жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі мен жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысымен бекітілген «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) мемлекеттік қызметтің стандартын (бұдан әрі-Стандарт) сақтауды қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілейді. Мемлекеттік қызмет осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген жергілікті атқарушы органмен көрсетіледі. 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 16, 17, 18, 71-баптарының және Стандарттың негізінде көрсетіледі. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қағаз тасымалдағыштағы іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру (бұдан әрі - рұқсат) немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауап беру болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
7. Мемлекеттік қызмет: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|