Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық сотының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 3-254/2013 Қаулысы
Аягөз қаласы
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз аудандық сотының судьясы Б.А. Оразбек, Аягөз ауданы прокурорының көмекшісі З.Шаймухаметованың, З.Жукежанованың қатысуымен, Жукежанов Мурат Тлеугазиновичті, 1971 жылы 6 мамырда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген, қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы, жұмыс істемейді, жанұялы, ШҚО, Аягөз қаласы, Молдагулова көшесі 159-үйде тұрады, жеке куәлік № 009520383, ӘҚБтК-нiң 79-5-бабының 1-бөлігімен айыптау туралы әкiмшiлiк iс құжаттарын қарап, АНЫҚТАДЫ: Жукежанов 2013 жылы 22 ақпан күні сағат 18.00 кезінде Аягөз қаласы, Молдагулова көшесі 159-үйде, өзінің заңды некедегі әйелі З.Жукежановаға еш себепсіз сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеп, ар - намысына тиiп, отбасының шырқын бұзып, отбасылық-тұрмыстық қатынастағы құқық бұзушылық жасаған. ҚР ӘҚБтК-нің 21-бабының 2-бөлігі негізінде іске қатысушы адамдардың ана тілінде мәлімдеме жасау, түсініктер мен айғақтар беру, өтініш жасау, т.б. талап тілектері ескеріле отырып, іс Абдрахмановтың тілегі бойынша қазақ тілінде жүргізілуге тиісті. Сот мәжілісінде Жукежанов өзінің кiнәсiн толық мойындап, 2013 жылы 22 ақпан күні сағат 18.00 кезінде Аягөз қаласы, Молдагулова көшесі № 159 үйде, өзінің заңды некедегі әйелі З.Жукежановаға еш себепсіз сыйламаушылық білдіріп, оған былапыт сөздер айтып, ар - намысына тиіп, отбасының шырқын бұзғанын айтты. Алдағы уақытта осындай әрекеттер қайталанбайтынын, жәбірленушіден кешірім беруін сұрады. Жәбірленуші Жукежанова өзін күйеуі 2013 жылы 22 ақпан күні сағат 18.00 кезінде үйге мас күйде келіп ешбір себепсіз бұзақылық негізде ар-намысына тиетін сөздермен балағаттағанын, қазіргі уақытта өзара татуласқандарын айтып, Жукежановқа кешірім беруді сұрап өтініш келтірді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|