Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық сотының 2013 жылғы 11 наурыздағы № 3-316/2013 Қаулысы
Аягөз қаласы
Аягөз аудандық сотының судьясы Н. Томпакова, Аягөз аудандық прокурорының көмекшiсi Б.Ботбаевтың қатысуымен, Аягөз ҚАІІБ-нен келіп түскен. Карабалин Берік Жақсылықұлының, 21.08.1986 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған, Қазақстан Республикасының азаматы, қазақ, білімі-орта, № 032331682 жеке куәлігі Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігімен 21.10.2010 жылы берілген, ЖСН 8600821300081, Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Мамырсу аулы, 1-үйдің 5-пәтерінде тұрады, үстінен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 330-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық ісін қарап, соттың АНЫҚТАҒАНЫ: Карабалин 2013 жылы 4 наурызда сағат 23.00 мөлшерінде Аягөз қаласындағы, автобекет алдында темекі қалдығын тастап, қоғамдық орынды ластап, ұсақ бұзақылық жасаған. Сот отырысында Карабалин түсінігін қазақ тілінде беруді қалайтынын айтып, өзінің кінәсін толық мойындайтынын, 2013 жылы 4 наурызда мөлшері 23.00 сағатта Аягөз қаласындағы автобекет алдында автобус күтіп тұрып, темекінің қорабын ашып, қорап сыртындағы қапшығын жерге лақтырып тастағанын, әркетіне кешірім сұрайтынын, ұятты жағдайда қалғанын, алдағы уақытта ондай әрекетті қайталамайтынын айтты. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|