Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық сотының 2013 жылғы 26 наурыздағы № 3-377/2013 Қаулысы
Аягөз қаласы
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз аудандық сотының судьясы К.П. Халелова, прокурор көмекшісі З. Шаймухаметованың қатысуымен, Аягөз ҚАІІБ-нен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 79-5-бабының 1-бөлігімен түскен: - 01.04.1990 жылы, ШҚО, Аягөз қаласында туған, ұлты қазақ, білімі орта, жанұялы, жұмыста жоқ, жеке куәлігі №022522544, Қазақстан Республикасының ӘМ-мен 25.09.2008 жылы берілген, ЖСН 900401400956, ШҚО, Аягөз қаласы, Байтурсынова көшесі, 96-үй, 1-пәтердің тұрғыны Атагулова Маржан Бауыржановнаның әкімшілік ісін қарап, АНЫҚТАДЫ: Азаматша М.А. Атагулова 2013 жылы 24 наурызда сағат 18.30 кезінде, өзінің мекен жайында, Байтурсынова көшесі, 96-үй, 1-пәтердің шегінде, өзінің қайын апайы З.Б. Турсыноваға сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеп, тыныштығын бұзған. Сотта М.А. Атагулова түсінігін қазақ тілінде беретінін, кінәсін мойындайтынын, 2013 жылы 24 наурызда сағат 18.30 кезінде болған оқиғаны толық растайтынын, қайын апайы З.Б. Турсыновадан кешірім сұрап өзара татуласқандарын, бүгінгі күні бір отбасы болып тұрып жатқандарын, бітімгершілікке келгендерін, келіні әкімшілік істі қысқарту туралы арыз жазғанын, ол өтінішімен келісетінін, келешекте әкімшілік құқық бұзушылық жасамайтынын, әкімшілік істі қысқартуды сұрайтынын айтып, түсінік берді. Сотта азаматша З.Б. Турсынова келіні М.Б. Атагуловамен татуласқанын, оған қатысты әкімшілік істі қысқартып, оны әкімшілік жауапкершіліктен босатуды сұрайтынын айтты. Сот, азаматшалар М.Б. Атагулованы және З.Б. Турсынованы тыңдап, олардың істі қысқартуды сұрап жазған арыздарымен танысып, іс құжаттарын зерттеп, төмендегі тұжырымға келеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|