Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық сотының 2013 жылғы 1 сәуірдегі № 3-402/2013 Қаулысы
Аягөз қаласы
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз аудандық сотының судьясы Н.Томпакова, Аягөз ауданы прокурорының көмекшiсi Д.Ш.Амангельдиновтың қатысуымен, Аягөз ҚАІІБ-нен келіп түскен. Танысбеков Мурат Асылбековичтің, 15.04.1981 жылы Алматы облысында туған, Қазақстан Республикасының азаматы, қазақ, әскери билеті ТН№ 2922152, ЖСН810415300636, Ақтоғай байланыс және белгі беру дистанциясында электромеханик, ШҚО, Аягөз ауданы, Ақтоғай кенті,Тәуелсіздік көшесі, 2-үйдің 2-пәтерінде тұрады, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 79-3-бабының 2-бөлігімен әкiмшiлiк құқық бұзу iсiн қарап, соттың АНЫҚТАҒАНЫ: М.Танысбеков 2013 жылы 26 ақпан күні сағат 20.00 мөлшерінде зайыбы М.Иманггалиеваны ұрып-соғып, жәбірленушінің денсаулығының қысқа уақытқа бұзылуына әкеп соқтырған қасақана жеңіл зиян келтірген. Сот, ӘҚБтК-нің 21 бабы 2 бөлімі негізінде іске қатысушы адамдардың ана тілінде мәлімдеме жасау, түсініктер мен айғақтар беру, өтініш жасау, т.б. талап тілектерін ескере отырып, іс жүргізу тілі -ана тілі- қазақ тілінде жүргізуді ұйғарды. Сот отырысында М.Танысбеков әкімшілік құқық бұзу кінәсін толықтай мойындайтынын, зайыбы М.Имангалиевадан әрекеті үшін кешірім сұрап, татуласқандарын, біитімгершілікке келгендерін, ол туралы жазбаша арыздары барын, әкімшілік істі қысқартуды сұрайтынын айтып, арызын тапсырды. Сотқа жәбірленшуі М.А.Имангалиев жұбайы М.Танысбековпен татуласқандарын, бітімгершілкке келгендерін көрсетіп, әкімшілік істі қысқартуды сұрап, қол қойған жазбаша келісімін тапсырды. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 79-3 бабының 2 бөлігінде, денсаулықтың қысқа уақытқа бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру -деп көрсетілген. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|