Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық сотының 2013 жылғы 5 сәуірдегі № 3-449/2013 Қаулысы
Аягөз қаласы
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз аудандық сотының судьясы К.П. Халелова, прокурор көмекшісі З. Шаймухаметованың қатысуымен, Аягөз ҚАІІБ-нен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 79-5-бабының 1-бөлігімен түскен: - 26.03.1977 жылы, ШҚО, Аягөз қаласында туған, ұлты қазақ, білімі орта, жеке басты, жұмыста жоқ, жеке куәлігі №022343127 Қазақстан Республикасының ӘМ-мен 24.07.2008 жылы берілген, ЖСН 770326301228, ШҚО, Аягөз қаласы, Жолдасовтар көшесі,19-үй, № 1-пәтердің тұрғыны Ескенов Асет Сабырбековичтың әкімшілік ісін қарап, АНЫҚТАДЫ: Азамат А.С. Ескенов 2013 жылы 03 сәуірде сағат 15.00 кезінде, өзінің мекен жайында, Жолдасовтар көшесі, 19 - үй, 1 пәтердің шегінде, арақ ішкен мас күйінде қарындасы А. Ескеноваға былапыт сөйлеп дөрекі мінезін көрсетп, жанұясының мазасын алған. Сотта А.С. Ескенов түсінігін қазақ тілінде беретінін, кінәсін мойындайтынын, 2013 жылы 03 сәуірде сағат 15.00 кезінде болған оқиғаны толық растайтынын, қарындасы А. Ескеновадан кешірім сұрап өзара татуласқандарын, бүгінгі күні бір отбасы болып тұрып жатқандарын, бітімгершілікке келгендерін, қарындасы әкімшілік істі қысқарту туралы арыз жазғанын, ол өтінішімен келісетінін, келешекте әкімшілік құқық бұзушылық жасамайтынын, әкімшілік істі қысқартуды сұрайтынын айтып, түсінік берді. Сотта азаматша А. Ескенова ағасы А. Ескеновпен татуласқанын, оған қатысты әкімшілік істі қысқартып, оны әкімшілік жауапкершіліктен босатуды сұрайтынын айтты. Сот, азамат А. Ескеновты және А. Ескенованы тыңдап, олардың істі қысқартуды сұрап жазған арыздарымен танысып, іс құжаттарын зерттеп, төмендегі тұжырымға келеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|