Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қазандағы № 251 Қаулысымен күші жойылды
Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 4 наурыздағы № 55 қаулысымен бекітілген
«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»
1. «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) барлық типтегі және үлгідегі мектепке дейінгі ұйымдар (бұдан әрі - мектепке дейінгі ұйымдар) көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 1) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 4) тармақшасына және 14-бабының 2-тармағының 1) тармақшасы; 2) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысы (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сайтында орналастырылады (bilim.edu.zhambyl.kz). 5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нысаны стандарттың 1-қосымшасына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдар мен заңды өкілдер арасында жасалатын шарт болып табылады немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет мектепке дейінгі жастағы балалардың заңды өкілдеріне (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі. 7. Мемлекетті қызметті көрсету мерзімдері: 1) мемлекеттік қызметті алушы осы регламенттің 11-тармағында айқындалған құжаттарды мектепке дейінгі ұйымдарға тапсыру және басшылардан қажетті кеңес алу сәтінен бастап - кемінде 30 минут уақытты құрайды. 2) мемлекеттік қызметті алушының өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 30 минуттан артық емес. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|