Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық сотының 2013 жылғы 23 сәуірдегі № 3-518/2013 Қаулысы
Аягөз қаласы
Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық сотының судьясы Халелова К.П., прокурордың көмекшісі З. Шаймухаметованың қатысуымен Аягөз ҚАІІБ-нен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 79-5 бабының 2-бөлігімен түскен: - 22.11.1969 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Тарбағатай ауылында туған, қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы, білімі орта, жанұялы, жұмыста жоқ, жеке куәлігі №009484353 Қазақстан Республикасының ІІМ-мен 26.05.1999 жылы берілген, ЖСН 691122301998, бұрын 15.10.2012 ж. ӘҚБтК-нің 79-5 бабының 1-бөлігімен, 08.02.2013 жылы ӘҚБтК-нің 79-5 бабының 2-бөлігімен әкімшілік жаза қолданылған, ШҚО, Аягөз қаласы, Талды көшесі, 62-үй, 2-пәтердің тұрғыны Ахметов Шалкар Жарылкасыновичтың әкімшілік ісін қарап, АНЫҚТАДЫ: Азамат Ш.Ж. Ахметов 21.04.2013 жылы сағат 21.30 кезінде Аягөз қаласы, Талды көшесі, 62-үй, 2-пәтердің шеңберінде алкогольдік мас күйінде, заңды некедегі жолдасы азаматша Ф. Абылкасымоваға былапыт сөйлеп, мазасын алып сыйламаушылық көрсетіп, кемсітіп жанұясының шырқын бұзған, осы әрекеті үшін әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін, бір жыл ішінде қайталап жасаған. Сотта Ш.Ж. Ахметов түсінігін қазақ тілінде беретінін, кінәсін мойындайтынын, 21.04.2013 жылы сағат 21.30 кезінде болған оқиғаны толық растайтынын, бүгінгі күні жолдасы екеуі өзара татуласқандарын, бітімгершілікке келгендерін, жолдасы әкімшілік істі қысқарту туралы арыз жазғанын, оның арызымен келісетінін, әкімшілік істі қысқартуды сұрайтынын айтып, түсінік берді. Сотта азаматша Ф. Абылкасымова түсінігін қазақ тілінде беретінін, бүгінгі күні жолдасы Ш.Ж. Ахметовпен өзара татуласқандарын, бітімгершілікке келгендерін, жолдасы кешірім сұрағанын, оны кешіргенін, сол себептермен әкімшілік істі қысқартуды өтінетінін айтты. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|