Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық сотының 2013 жылғы 18 сәуірдегі № 3-504/2013 Қаулысы
Аягөз қаласы
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз аудандық сотының судьясы К.П. Халелова, прокурор көмекшісі З. Шаймухаметованың қатысуымен, Аягөз ҚАІІБ-нен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 79-5-бабының 1-бөлігімен түскен: - 14.06.1968 жылы, ШҚО, Аягөз ауданы, Шынғожа ауылында туған, ұлты қазақ, білімі орта, жанұялы, зейнеткер, жеке куәлігі №024433801, Қазақстан Республикасының ӘМ-мен 05.08.2010 жылы берілген, ЖСН 680614301606, ШҚО, Аягөз қаласы, Ауэзова көшесі, 30-үй, 61-пәтердің тұрғыны Смагулов Нуржан Кабденовичтің әкімшілік ісін қарап, АНЫҚТАДЫ: Азаматша Н.К. Смагулов, 2013 жылы 14 сәуірде сағат 19.00 кезінде, алкогольдік мас күйінде, өзінің үйінде пәтер шегінде, некедегі жолдасы А.Смагуловаға сыйламаушылық білдіріп былапыт сөйлеп, жанұясының мазасын алып тыныштығын бұзған. Сотта Н.К. Смагулов түсінігін қазақ тілінде беретінін, кінәсін мойындайтынын, 2013 жылы 14 сәуірде сағат 19.00 кезінде болған оқиғаны толық растайтынын, жолдасы А. Смагуловадан кешірім сұрап өзара татуласқандарын, бүгінгі күні бір отбасы болып тұрып жатқандарын, бітімгершілікке келгендерін, келіні әкімшілік істі қысқарту туралы арыз жазғанын, ол өтінішімен келісетінін, келешекте әкімшілік құқық бұзушылық жасамайтынын, әкімшілік істі қысқартуды сұрайтынын айтып, түсінік берді. Сотта азаматша А. Смагулова жолдасы Н.К. Смагуловпен татуласқанын, оған қатысты әкімшілік істі қысқартып, оны әкімшілік жауапкершіліктен босатуды сұрайтынын айтты. Сот, азамат Н.К. Смагуловты және азаматша А. Смагулованы тыңдап, олардың істі қысқартуды сұрап жазған арыздарымен танысып, іс құжаттарын зерттеп, төмендегі тұжырымға келеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|