Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы консультативтік- кеңестік органдардың кейбір құрамдарына өзгерістерді бекіту және енгізу туралы
2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 13 тамыздағы № А-9/399, 2012 жылғы 28 қыркүйктегі № А-11/459, 2012 жылғы 17 тамыздағы № А-9/408, 2012 жылғы 10 қазандағы № А-11/484, 2012 жылғы 19 қазандағы № А-11/508, 2012 жылғы 29 қазандағы № А-11/512, 2012 жылғы 1 қарашадағы № А-12/516, 2012 жылғы 2 қарашадағы № А-12/520, 2012 жылғы 8 қарашадағы № А-12/529, 2012 жылғы 15 қарашадағы № А12/540, 2012 жылғы 20 қарашадағы № А-12/551 және № А-12/548 қаулыларына байланысты Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ: 1. Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы сәулет-қала құрылысы кеңесінің құрамы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі комиссияның құрамы осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін. 3. Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы келесі консультативтік-кеңестік органдардың құрамдарына өзгерістер бекітілсін және енгізілсін: 1) бюджеттік комиссияның құрамына: Теміржанов Мұрат Баритұлы - Ақмола облыстық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы (келісім бойынша); «Елубаев Сағынтай Зекенұлы - Ақмола облыстық мәслихатының депутаты (келісім бойынша)» жолы келесі редакцияда мазмұндалсын «Елубаев Сағынтай Зекенұлы - Ақмола облыстық мәслихатының «Нұр Отан» Халықтық - Демократиялық партиясы депутаттық фракциясының басшысы (келісім бойынша)» енгізілсін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|