Алматы қалалық сотының 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 1К-15/2013 Қаулысы
Алматы қаласы
Алматы қалалық сотының қассациялық алқасы құрамында: төрағалық етуші М.Т.Таймерденов, судьялар Л.А.Ағыбаева мен Қ.Ж,Абсиметованың Алматы қаласы прокуратурасының басқарма бастығы Ж.К.Құсаиновтың, қорғаушы А.Тараковтың қатысуымен ашық сот мәжілісінде Алматы қаласының Әуезов аудандық сотының А.С.Сагинтаевты ҚР ҚК-ның 178 бабының 2 бөлімі «а,в,» тармақтары бойынша соттаған 2011 жылдың 25 наурызындағы үкіміне және қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 2011 жылдың 2 маусымындағы қаулысына сотталған А.С.Сагинтаевтың кассациялық тәртіптегі шағымымен келіп түскен істі іс-құжаттарымен танысып, шағымның уәждерін талқылап, кассациялық сатыдағы сот, АНЫҚТАҒАНЫ: Алматы қаласының Әуезов аудандық сотының 2011 жылдың 25 наурызындағы үкімімен Азамат Сундетович Сагинтаев,1 қараша 1989 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай ауданында туған, ұлты қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы, білімі орта, некеге тұрмаған, бұрын сотталған: 8 қаңтар 2009 жылы ҚР ҚК-нің 178 бабы 2 бөлігі «а,б,в» тармақтарымен, 119 бабының 1 бөлігімен, 58 бабымен 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына сотталып, 19 наурыз 2010 жылы жазаның қалған 2 жыл 3 күн мерзімін қоныс колониясына өтеуге ауыстырылған, жаза толық өтелмеген, тұратын мекен-жайы; Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелен ауылы Плодоконсервный көшесінің №1 үйі ҚР ҚК-нің 178 бабының 2 бөлігінің «а,в» тармақтарымен кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылу жазасы тағайындалған. ҚР ҚК-нің 60 бабының 1 бөлігіне сәйкес,үкімдердің жиынтығымен 03.02.2009 жылғы үкіммен тағайндалған жазаның өтелмеген бөлігін ішінара қосумен, түпкілікті 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуге белгіленген. Жазаны өтеу мерзімі 2010 жылдың 6 қарашасынан бастап есептеліп, бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қамауда қалдырылған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|