Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 319 Қаулысымен күші жойылды
Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 4 наурыздағы № 49 қаулысымен бекітілген
1. «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттiк қызметiн (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) мекенжайлары осы регламенттің 1 және 2-қосымшаларында көрсетiлген аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтер әкiмiнiң аппараттары, облыстық маңызы бар қаланың ауыл шаруашылығы бөлiмдерi, сондай-ақ баламалы негiзде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi - Орталықтар) көрсетедi. Шалғай орналасқан елдi мекендердегi тұрғындардың мемлекеттiк қызметтерге қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттiк қызметтердi Мобильдi орталықтар арқылы көрсетуге жол берiледi. 2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 1) «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi Заңының 3-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы; 2) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының 4-тармағы; 3) ««Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2318 Қаулысының негiзiнде көрсетiледi (бұдан әрi - стандарт). 4. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат көздерi: 1) осы регламенттің 1 және 2-қосымшаларында көрсетiлген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң (www.minagri.gov.kz) және жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстары; 2) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру жөнiндегi комитетiнiң «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының интернет-ресурсы: www.con.gov.kz; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|