Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 63 Қаулысымен бекітілді 2016 жылғы 4 сәуірде күшіне енді
Бұдан әрі «Талаптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі 1992 жылғы 23 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы Достық, өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы шартқа және Экономикалық ынтымақтастық туралы хаттамаға, сондай-ақ 2008 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы шартты негізге ала отырып, екі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін білімнің, кәсіптік даярлық пен ғылымның маңыздылығын ұғына отырып, білім және ғылым саласындағы өз артықшылықтарын, сондай-ақ осы салаларда ынтымақтастықты орнатуға өзара қызығушылықты тани отырып, білім берудегі, кәсіптік даярлау мен ғылымдағы екіжақты ынтымақтастықты орнықтыруға ұмтыла отырып, өмір бойы оқуға ерекше көңіл бөле отырып, мұндай ынтымақтастық Тараптардың мемлекеттері үшін пайдалы болатынына сенімді бола отырып, төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісім дағды алмасуға, білім прогресіне және зияткерлік дамуға жәрдемдесу мақсатында техникалық және кәсіптік даярлау, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және ғылыми зерттеулер сияқты салалардағы тең құқылы және өзара пайдалы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
2-бап
Талаптар мынадай салаларда ынтымақтастық етеді. 1. Академиялық ұтқырлық шеңберінде жоғары және жоғары оқу орынынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылармен, оқытушылармен, ғылыми қызметкерлермен және мамандармен алмасу. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|