Павлодар облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 21 шілдедегі № 262/8 Қаулысымен күші жойылды
Павлодар облысы әкімдігінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 98/4 қаулысымен бекітілді
«II, III және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру»
1. «II, III және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттік электрондық қызметін (бұдан әрі - қызмет) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (бұдан әрі - қызмет беруші), не балама негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Олтарықтар) арқылы, www.e.gov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы және www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсетеді. 2. Қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 тамыздағы «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі және жергілікті атқарушы органдар көрсететін қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» № 1033 қаулысымен бекітілген «II, III және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі. 3. Қызметті автоматтандыру дәрежесі: ішінара автоматтандырылған. 4. Қызметті көрсетудің түрі: транзакциялық. 5. Осы Регламентте пайдаланылатын ұғымдар мен қысқартылулар: 1) ақпараттық жүйе - аппараттық-бағдарламалық кешенді қолданумен ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе (бұдан әрі - АЖ); 2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік электрондық қызметтерге бірыңғай қол жеткізу терезесін білдіретін ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ЭҮП); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|