Алматы қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 2 сәуірдегі № 2/305 қаулысымен бекітілген
Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 7 сәуірдегі № 2/221 Қаулысымен күші жойылды
«Спорт құрылыстарына санаттар беру»
1. Спорт құрылыстарына бірінші, екінші және үшінші санаттарды беру мемлекеттік қызметін «Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) мекенжайлары осы регламенттегі 1, 2-қосымшаларда көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы ұсынады. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 15-2-бабының, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі № 981 «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қаулысының, «Спорт ғимараттарын пайдалану ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 жылғы 14 сәуірдегі № 02-02-18/59 бұйрығының негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат: 1) Басқарманың www.almaty-sport.kz интернет-ресурсында; 2) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - «Орталық» РМК) www.con.gov.kz интернет-ресурсында; 3) ресми ақпарат көздерінде және осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес ХҚКО-ның үй-жайларында орналасқан стенділерде орналастырылады. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі қағаз жеткізгіште, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі № 981 Қаулысымен бекітілген «Спорт құрылыстарына санаттар беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес, спорт ғимаратына паспорттың үлгілік нысанында санатты беру не болмаса мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|