ҚАРЫЗДЫҢ НӨМІРІ 2916-KAZ
Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы
ҚР 2013 жылғы 15 қарашадағы № 139-V Заңымен ратификацияланды
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ («Қарыз алушы») мен АЗИЯ ДАМУ БАНКІ («АДБ») арасындағы 2013 жылғы 28 мамырдағы ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ. ТӨМЕНДЕГІНІ НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП, (А) Қарыз алушы АДБ-ға осы Қарыз туралы келісімге 1-қосымшада сипатталған Жобаның мақсатында қарыз алу үшін жүгінді; және (В) АДБ Қарыз алушыға осы құжатта ұсынылған мерзімдер мен шарттарда АДБ-ның жай капитал ресурстарынан Қарыз беруге келісті; ЖОҒАРЫДА ЖАЗЫЛҒАНДЫ ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, осы Келісімнің тараптары мыналар туралы уағдаласты:
Қарыз беру қағидалары; Анықтамалар
1.01-бөлім. 2001 жылғы 1 шілдедегі АДБ-ның Жай капитал ресурстарынан Лондон банкаралық мөлшерлемесі бойынша бөлінетін қарыздарға қолданылатын жай операциялар үшін Қарыз беру қағидаларының («Қарыз беру қағидалары») барлық ережелері осымен осы Қарыз туралы келісімге осы Келісімнің мәтінінде жазылғандай күшпен және қолданыста, алайда төмендегі өзгерістерді сақтай отырып, қолданылатын болып есептеледі: (а) 3.03-бөлім алып тасталды және төмендегімен ауыстырылды:
Резервке қойғаны үшін комиссия; Кредит
(а) Қарыз алушы Қарыздың талап етілмейтін сомасы бойынша резервке қойғаны үшін Қарыз туралы келісімде көзделген мөлшерлеме мен шарттар бойынша комиссия төлейді. (b) АДБ Қарыз алушыға осы Қарыз туралы келісімде көзделген мөлшерлеме бойынша кредит береді, әрі мұндай кредит Қарыз мерзімінің соңына дейін тіркелген болып қалады. АДБ Қарыз алушының төлеуіне жататын пайыздарға кредиттің сомасын қолданады. (b) 3.06-бөлім алып тасталды және төмендегімен ауыстырылды: Өтеу Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|