«Мұрағаттық анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызметінің регламентін бекіту туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 27 мамырдағы № 168 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабының 4 тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса берілген «Мұрағаттық анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызметінің регламенті бекітілсін. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 3. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
әкімдігінің 2013 жылғы 4 наурыздағы №71 қаулысымен бекітілді
«Мұрағаттық анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Мұрағаттық анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - қызмет) «Солтүстік Қазақстан облысының мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі, облыстың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік мұрағаттары және олардың бөлімшелері (бұдан әрі - қызмет беруші), халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы (бұдан әрі - Орталықтар/ХҚКО), сондай-ақ «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі -ЭҮП) арқылы көрсетеді. 2. Қызмет «Ақпарат және мұрағат ісі саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2315 қаулысымен бекітілген «Мұрағаттық анықтамалар беру» (бұдан әрі - қызмет) мемлекеттік қызмет Стандарты негізінде көрсетіледі (бұдан әрі - Стандарт). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|