Статистикалық көрсеткіштердің статистикалық жіктеуішін бекіту туралы (2013.30.10. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 8-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі туралы ереженің 19-тармағының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 364 бұйрығымен бекітілген Статистикалық жіктеуіштерді, номенклатуралар мен анықтамаларды әзірлеу және жүргізу жөніндегі 2011 жылғы желтоқсанға - 2012 жылға арналған жоспардың 8-тармағын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Статистикалық көрсеткіштердің статистикалық жіктеуіші бекітілсін. 2. Жіктелімдер және ақпараттық технологиялар департаменті: 1) осы бұйрықты қол қойылған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін; 2) Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ішкі интернет-ресурсында орналастырсын. 3. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының мынадай бұйрықтарының күші жойылсын: 1) «Статистикалық көрсеткіштердің жіктеуішін бекіту туралы» 2011 жылғы 29 маусымдағы № 172; 2) «Статистикалық көрсеткіштердің жіктеуішін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 172 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2011 жылғы 17 қарашадағы № 325. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|