Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 27 мамырдағы № 980 Қаулысымен күші жойылды
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 8 ақпандағы № 226 қаулысымен бекітілді
«Жер учаскесін іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін пайдалануға рұқсат беру»
1. Осы «Жер учаскесін іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін пайдалануға рұқсат беру» Регламентінде (бұдан әрі - Регламент) келесі ұғымдар пайдаланылады: 1) құрылымдық-функционалдық бірліктер - бұл уәкілетті органдардың, мемлекеттік органдар құрылымдық бөлімшелерінің, мемлекеттік органдардың жауапты тұлғалары, ақпараттық жүйелер немесе олардың кіші жүйелері; 2) уәкілетті орган - «Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
2. «Жер учаскесін іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) егістікте, жақсартылған шабындықтар мен жайылымдарда, көп жылдық екпелер бар жерде, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері мен орман қоры жерінде облыстардың жергілікті атқарушы органдары көрсететін қоса алмағанда, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 23, телефон 8(7152) 46-44-38 мекенжайында орналасқан ауданның жергілікті атқарушы органымен көрсетіледі. 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17, 71 баптары және «Жер қатынастары, геодезия және картография саласында Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі мен жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 қаулысы негізінде көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|