Ресми статистика саласындағы ынтымақтастық туралы
ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 14 тамыздағы№ 591 Қаулысымен бекітілді 2021 жылғы 3 желтоқсанда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үкіметтері ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, ынтымақтастығын үйлестіру және дәйекті түрде тереңдету, ТМД шеңберінде статистикалық ақпаратпен мемлекетаралық алмасуды кеңейту, ортақ ақпараттық-статистикалық кеңістікті дамыту үшін қолайлы жағдайларды жасау мақсатында, ресми статистика саласында әдіснамалық және практикалық ынтымақтастықты дамытуға тілек білдіре отырып, осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің статистикалық қызметтері жұмысының тиімділігін және ақпараттық статистикалық қамтамасыз ету сапасын арттыру мұндай ынтымақтастықтың нәтижесі екенін тани отырып, БҰҰ Статистикалық комиссиясы қабылдаған Ресми статистиканың негізгі қағидаттарына сүйене отырып, осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің аумақтарында статистика саласындағы ең жаңа ғылыми әзірлемелер мен әлемдік стандарттарға жауап беретін мемлекеттік статистиканы дамыту жөніндегі келісілген және үйлестірілген шараларды қабылдаудың маңыздылығын ұғына отырып, ресми статистика саласында мемлекетаралық бағдарламалар мен бірлескен жобаларды әзірлеуде және жүзеге асыруда қолдау көрсетуді жүзеге асыруға ниет білдіре отырып, осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің халықаралық міндеттемелері мен заңнамасын басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|