Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінінің аумақтық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өткендігі туралы талон нысанын және оны табыс ету қағидаларын бекіту туралы
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 85 және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 6 ақпандағы № 5 нс бірлескен бұйрығымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-6-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өткендігі туралы талон нысаны; 2) Бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өткендігі туралы талонды табыс ету қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті: 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Р.Е. Дәленовке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры Н.А. Жоламановқа жүктелсін. 4. Осы бірлескен бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|